From Wikipedia, the free encyclopedia
Пауль Герхард Наторп (нем. Paul Gerhard Natorp,24. 1. 1854—17.8.1924) — немістің неокантшыл философы, Марбург мектебінің басшысы Г. Когеннің ізбасары. 1885 жылдан Марбург университетінде философия пәнінің профессоры.
Марбург неокантшылары 19—20 ғасырда ғылымға терең сіңген даму идеясын Канттың позициясынан түсіндірмекші болды. Егерде неогегельшілер мен өмір философиясының өкілдері дамуды иррационалдық диалектика деп санаса, марбургшілер диалектикаға дамудың эволюциялық теориясын қарсы қойды. Олардың бұл концепциясы «сын идеализмі» деген атқа ие болды. Наторп Марбург мектебінің «сын идеализмін» қорғап, оны негіздеуді екі бағытта жүргізді. Біріншіден, Наторп өткендегі философиялық жүйелерді критицизмнің «беташар тарихы» деп түсіндірді, екіншіден, Наторп қазіргі заманғы жаратылыс тануды сол концепция рухында түсіндірді. Наторп марбург мектебінің философиясын «тәсіл» ретінде санап, оны дәл ғылымдарды, «рух жайындағы ғылым» және қоғамдық қатынастар жүйесін «айқындай түсуге» қолданды. Бірақ та іс жүзінде мұнын өзі Платонның абсолюттік идеализмі мен Канттың критицизмін ұштастырған философиялық жүйе жөнінде сөз қозғау еді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.